Елімізде қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті

02 Қараша, 2023

Қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» қорытындысындағы халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинағында.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтардың саны 13,4 млн адамға жетті. 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 ж.), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.

Елімізде қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті