2025 жылға қарай студенттердің стипендиясы кезең-кезеңімен екі есеге артады, деп хабарлайды Хабар 24.
1 қыркүйектен бастап бакалавриат стипендиясы 20% – ға, магистратура мен докторантура – 15% - ға, ТжКБ 50% - ға өсті.
Бұл мүмкіндіктер Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында іске асып жатыр. Бір жылда жатақханалардағы орын тапшылығы үш есеге қысқарды. Жыл соңына дейін 19 студент үйі пайдалануға беріледі.
Жалпы, алдағы екі жылға ғылымды дамытуға шамамен 643 млрд. теңге – 3,5 есе көп қаражат бөлінді.
Сондай – ақ, 1 миллион 400 мың бастауыш сынып оқушысы мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 200 мың жоғары сынып оқушысы тегін тамақтанады. Алдағы үш жылда елімізде жаңа форматтағы 369 мектеп салыну жоспарланған.