«Отандастар Қоры» КЕАҚ делегациясы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

24 Қараша, 2023

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар Қоры» КеАҚ шетелдегі қазақтармен мәдени- іскерлік байланыстарды дамыту сондай-ақ, тарихи отанына қоныс аударған қандастарға ақпараттық және консультациялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

Осы ретте, Қостанай облысындағы этникалық көші-қон саясатының жүргізілу барысымен танысу және қандастармен кездесулер өткізу мақсатында 2023 жылғы 22-23 қарашада Қоғамның Қандастарды қолдау департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев Қайырбекұлы мен Қоғамның баспасөз хатшысы Нұрымжан Жұмағазиев Қасымұлы арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапар аясында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Закиұлымен кездесіп, көшіп келіп жатқан қандастарды өңірге бейімдеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы жылы әкімдікпен бірлесіп қандастардың көші-қон кезіндегі ақпараттық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше:

Ағымдағы жылғы қарашаға дейін келген қандастар саны 966 адам.

Жалпы Қостанай өңіріне 1991 жылдан бастап 35843 қандастарымыз қоныстанған.

Биыл келген елдер қатарында: Өзбекстан, Ресей, Түркменстан, Ауғанстан, Монғолия бар.

Рудный қаласына 1991 жылдан бері 16778 қандас келген.

Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қорының Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне тегін хабарласыңыз!

  • 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;
  • 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;
  • +7(7172) 98 1404 Халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.
«Отандастар Қоры» КЕАҚ делегациясы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды