Жоғары білім беруді интернационалдандыруды дамыту шеңберінде бұқаралық спорттың дене шынықтыру академиясы (APEMS) МВА мен ЕМВА-ның «Sport Management» бірлескен бағдарламасын іске асыру туралы келісім жасасты.
Құжатқа Академиялық қызмет жөніндегі проректор Тұрсынзада Қуанғалиева және Быдгощ экономика университетінің Канцлері (Польша Республикасы) Filip Sikora қол қойды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – спорт менеджменті және басқару саласында практикалық білімі мен дағдылары бар спорт ұйымдарының топ-менеджерлері мен басшыларының біліктілік деңгейін арттыру және қосымша басқару құзіреттерін дамыту.
Бизнес-жобалардың жетекшілері, спорт ұйымдары мен клубтардың топ-менеджерлері шетелдік спикерлер және жетекші бизнес-жаттықтырушылар мен оқытушылар тәлімгерлер ретінде сөз сөйледі.
Бірлескен бағдарлама APEMS білім алушыларына «Sport Management» білім беру бағдарламасы бойынша Быдгощ қаласының экономика университетінде «спорттағы интернационалдандыру» оқыту модульі шеңберінде көшпелі модульден (тағылымдамадан) өтуді көздейтін іскерлік басқару магистрі дәрежесін алуға мүмкіндік береді.