Иран ғалымдары AIU-да тарихи-мәдени көрме өткізді

20 Ақпан, 2024

Astana International University-де Иран ғалымдары көне жазба қолжазбалардың көрмесі мен каллиграфия бойынша шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараларды Иранның Қазақстандағы Елшілігінің көмегімен, «NUR» ирандық халықаралық микрофильмдер орталығының мамандары ұйымдастырды.

Аталған орталық директоры, профессор Мехди Хаджа Пири қазақстандық студенттер мен ғалымдарға көне қолжазбаларды қалпына келтіру туралы дәріс оқыса, профессорлар Хусейн Али Джафариани мен Вафадар Моради жазба мұраның сирек көшірмелерін таныстырды.

Профессор Хамид Малекиани каллиграфия бойынша қызықты шеберлік сабағын өткізді,оған студенттер белсенді қатысып, тарихтың бұрын беймәлім беттерін аша отырып құнды тәжірибе жинақтады.

Сондай-ақ, шараға қатысушылар Иранның тарихи-мәдени мұрасымен тереңірек танысып, құнды тарихи құжаттарды қалпына келтіру саласындағы білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды.

Иран ғалымдары AIU-да тарихи-мәдени көрме өткізді