Өнеркәсіп және құрылыс министрі Linde GmbH компаниясымен инвестициялау мәселелерін талқылады

21 Ақпан, 2024

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Linde GmbH» компаниясының Шығыс Еуропа аймағы бойынша президенті Маттиас Кранцпен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан экономикасына инвестициялау мүмкіншіліктері жөнінде әңгімелесті.

Әлемдегі жетекші техникалық газ өндірушісі және өнеркәсіп пен медицина үшін технологияларды әзірлеуші ​​Linde GmbH Қазақстанды одан әрі инвестициялауға мүдделі екенін растады. Маттиас Кранц ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне қанағаттанатынын айтып, Қазақстан компания үшін стратегиялық маңызды нарық екенін атап өтті. Соңғы бір жылда Linde елімізде бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып, жергілікті нарықтағы позициясын нығайтты.

Кездесу барысында, әсіресе, жасыл энергетика мен экологиялық тұрақты технологиялар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстан үкіметінің жасыл энергетика секторына инвестиция тартуға үлкен мән беретінін және экономиканың тұрақты дамуына бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, Linde үшін қазақстандық ірі металл өндірушілермен, соның ішінде «Qarmet» компаниясымен ынтымақтасу туралы ұсыныс жасалды, бұл екі тарап үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

2023 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфанның кездесуі барысында компанияның Қазақстан Республикасындағы инвестициялық белсенділікті 1 млрд АҚШ долларын құрайтын инвестиция көлемімен арттыруға дайындығы жайында айтылғанын еске саламыз.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігін баспасөз қызметі

 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Linde GmbH компаниясымен инвестициялау мәселелерін талқылады