Қытай Халық Республикасы мен Инновациялық Еуразия университеті жоғары білім беру саласында бірлескен жобаларды дамытуға ниетті. Кездусуге Павлодар ЖОО-на Аспан асты елінен келген делегация өкілдері келді.
Делегация құрамы – Чжэнчжоу Электр энергетикасы колледжінің халықаралық білім департаменті директорының орынбасары Чен ке, Чжэнчжоу Электр энергетикасы колледжінің, халықтық оқыту факультетінің өкілі, Лю Ша ханым, Сиань халықаралық білім алмасу қауымдастығының Бас хатшысы Шан Чжо, Хэнань провинциясының білім беру және қытай тілін халықаралық ілгерілету базасының емтихандар мен оқыту жөніндегі директоры, Хуан Цули ханым және Чен На.
Қонақтарды ИнЕУ қабырғасында жылы қарсы алып, университеттің де, колледждің де кампустары таныстырылды. Айта кету керек, шетелдік өкілдер студенттерді инженерлік мамандықтар бойынша оқытатын зертханаларға қызығушылық танытты. Сапар барысында, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылар арасында, жоғары оқу орындары мен колледждер арасында екі дипломдық білім беру мүмкіндігі талқыланды.
«Бізді Инновациялық Еуразиялық университет қызықтырды, біздің әріптестеріміз осы Павлодар ЖОО-на барып үлгерді, олардың әсерлері тек оң болды. Сондықтан біз де осында болып, оқу сапасына көз жеткізуді шештік. Шынында да, барлығы жоғары деңгейде, жоғары білікті мамандарды даярлау үшін барлық жағдай жасалған», - деді Чжэнчжоу электр энергетикалық колледжінің халықаралық білім департаменті директорының орынбасары Чен Кэ.
Айта кетейік, бұл Қытай Халық Республикасының Жоғары оқу орындары өкілдерінің Инновациялық Еуразия университетіне алғашқы сапары емес. Қыркүйек айында ИнЕУ Қытайдың Сиань Кәсіптік оқыту қауымдастығының басшысы бастаған Аспан асты делегациясына барды. Сиань қаласында Қытай мен Орталық Азия арасында бірлескен мәдени алмасу орталығын құруды көздейтін меморандумға қол қойылды.