Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларына ауызашар өткізді.
Министр іс-шара қонақтарына шақыруды қабыл алғаны үшін ризашылығын білдіріп, барлығын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
«Ортақ мәдени және рухани құндылықтарымыз, сондай-ақ өңірлік және жаһандық маңызы бар көптеген өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымыз сәйкес келетінін ескере отырып, мұсылман әлемімен тығыз байланыстар – сыртқы саясатымыздың маңызды басымдықтарының бірі», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.
Шетелдік дипломаттар ауызашарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.