Қазақстан Қытай және Түркиямен ШРБ электрондық форматта алмасу туралы уағдаласты

22 Сәуір, 2024

Көлік саласын цифрландыру мемлекеттік органдар мен тасымалдау процестеріне қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар мен процестерді оңтайландыруға және жеделдетуге бағытталған

Биыл ҚР Көлік министрлігі Өзбекстан Республикасымен автомобиль жүк тасымалдарында электрондық шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасуға көшу міндетін орындады. Болашақта бұл тәжірибені кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Қытаймен және Түркиямен келісім жасалған.

Сондай-ақ Көлік министрлігі қолданыстағы ақпараттық жүйелер, аппараттық-бағдарламалық кешендер және енгізілуі жоспарланған цифрлық жобалар өзара байланысты болатын Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.

Үлкен деректерді өңдеу, Ұлттық зияткерлік көлік жүйесінде аналитика және мониторинг, оның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, сапалы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жол қауіпсіздігін арттырады және автоматтандырылған көліктік бақылауға көшуге жақындатады.

Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құруға арналған егжей-тегжейлі техникалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылы қажетті құжаттарды бекітіп, жобаны нақты іске асыруды бастау көзделіп отыр.

Бастапқы кезеңде зияткерлік көлік жүйесі автомобиль жүк тасымалын, ал алдағы уақытта барлық басқа көлік түрлерін қамтитын болады. Тұжырымдамада «Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін» (автокөлік), e-Freight жүйесін(жүк авиатасымалдары), «кемелер қозғалысын басқару жүйесін» біріктіру жолымен бірыңғай жүйе құру жоспарда бар.

21 сәуір 2024

Түркістан облысындағы Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы республикалық трассаны қалпына келтіру жөндеу жұмыстары аяқталуда
19 сәуір 2024

«Астана – Алматы» автожолын реконструкциялау жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр
19 сәуір 2024

Көпшілік назарына
19 сәуір 2024

Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр
19 сәуір 2024

Көлік министрлігі елдегі су тасқынына орай көлік саласында қандай нақты шаралар қолға алынғаны туралы айтып берді

 

gov.kz

Қазақстан Қытай және Түркиямен ШРБ электрондық форматта алмасу туралы уағдаласты