Қазақстан мен Германияның өнеркәсіптік кооперациясы

17 Мамыр, 2024

2024 жылғы 15 мамырда Берлин Еуразиялық Клубының (40-шы) дәстүрлі отырысы аяқталды.  Бұл елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау үшін маңызды алаң.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Берлин Еуразиялық клубы аясында өткен панельдік сессияға қатысты. Тақырып «Жаңа институционалдық және құқықтық шеңберде шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімді іске асыру» деп аталды.  

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы баяндама жасады. «Қазіргі уақытта, өнеркәсіптік кооперация 49 жобаны қамтитын, жалпы сомасы шамамен 53,6 млрд. АҚШ.долл.  (24 трлн. теңге) 6,6 мыңнан астам жұмыс орнын құруды іске асырмақ. Жоспарда CLAAS компаниясының Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобасы.  (инвестиция көлемі – 88,7 млн. (3,9 млрд. тг), 100 жұмыс орыны.жобалық қуаты – жылына 300 бірлік). Ағымдағы жылы кәсіпорын 100 трактор мен 200 комбайн шығаруды көздеп отыр » - деді А.Панбаев.

Германия Қазақстанның ЕО-ғы маңызды серіктесі. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды көтермелеуге және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісімдер қолданылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы, Берлин Еуразиялық клубы, арнайы үкіметтік жұмыс тобы сияқты диалог алаңдары белсенді жұмыс істейді.

Қазақстан Үкіметі фискалдық ынталандыруларды (түрлі субсидиялар, корпоративтік табыс салығынан, ҚҚС-нан, жер салығынан және мүлік салығынан босату сияқты) және фискалдық емес ынталандыруларды (тегін жер учаскесі және инфрақұрылым сияқты) қамтитын инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Баяндама соңында Өнеркәсіп комитетінің төрағасы - Азамат Панбаев Германия экономикасының шығыс комитеті мен неміс бизнес өкілдеріне ынтымақтастығымызды кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

 

gov.kz

Қазақстан мен Германияның өнеркәсіптік кооперациясы