Қазақ тілінің сарапшылары онлайн диктант нәтижесі бойынша сыйлықтармен марапатталады

22 Мамыр, 2024

24 мамырда барлығына қазақ тілінен онлайн диктант жазылады, деп хабарлайды Kazinform ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 24 мамырда dictant.stan.kz парақшасында спикердің мәтінді оқып жатқан видеосы жарияланады. Сағат 09:00-ден бастап сайтқа кіріп, мәтінді тыңдап, диктант жазуға болады. Ол үшін спикердің айтқанын мұқият тыңдап, мәтінді теру керек, деп хабарлады ведомстводан.

Онлайн диктант жазуға сағат 21:00-ге дейін қатыса аласыз.

Жазбаша жұмысты орындауға берілген уақыт шектеулі. Жазбаны қайталап тыңдау да шектеулі.

Диктантты қатесіз жазып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арасында 10 адамға 200 мың теңгеден басталатын ақшалай жүлделер ойнатылады. Жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.

 


Автор

Жанара Мұхамедиярова

Qazalem аудармасы

Қазақ тілінің сарапшылары онлайн диктант нәтижесі бойынша сыйлықтармен марапатталады