Қандастарға бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беріледі

04 Шілде, 2024

Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 15 шілдеден бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Бұл бастама өз кәсіпкерлік әлеуетін жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік береді.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі және жаңа бизнесті бастау мен дамытуға бағытталған. Грант көлемі 400 АЕК-ті құрайды (1 476 800 теңге), және оны әр қатысушы тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажетті шарттар:
- Порталда тіркелу;
- Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
- Бизнес-жоспар үлгісін толтырып, порталға енгізу;
- Өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Тіркелген жұмыссыздар немесе жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін);
- Әлеуметтік санаттардың бірінен болуы (мүгедектігі бар адамдар, қандастар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған отбасы мүшелері, көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар).

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде береді. Грант қаражаты бизнесіңізді дамытуға, қажетті құрал-саймандарды, жабдықтарды, малды, жануарларды, көшеттерді сатып алуға және орын-жайларды жалға алуға пайдаланылады.

Грант алу үшін өтінішті Business.enbek.kz порталы арқылы жіберу қажет. Барлық рәсімдер электрондық форматта жүргізіледі.

 

gov.kz

Қандастарға бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беріледі