Уақыт белдеуі бойынша петиция шешімінің жобасын талқылауға шақыру

30 Шілде, 2024

Қазақстан Республикасының  Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес өтініш беруші Р.М. Лепскийді немесе оның өкілін, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды уақыт белдеуіне қатысты петиция  шешімінің жобасын ашық талқылауға шақырады.

Іс-шара 2024 жылғы 2 тамызда сағат 9:00-де Астана қаласындағы «Астанагенплан» ҒЗЖИ ЖШС ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Әзірбайжан Мамбетов көшесі 22. Конференц-зал 2-қабатта. (https://2gis.kz/astana/geo/70000001018107068).

Өтінімдер 2024 жылдың 1 тамызында сағат 18:30-ға дейін (8 778 269 37 20) нөмірі бойынша қабылданады. Іс-шараның онлайн трансляциясы Министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетіледі.

Уақыт белдеуі бойынша петиция шешімінің жобасын талқылауға шақыру