Наурыз мерекесінде Қазақстанда қайда баруға болады?

20 Наурыз 2025

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып, жүздеген мәдени іс-шара өтеді. Әр өңірде ұлттық дәстүрлерді, музыканы, гастрономияны және заманауи технологияларды біріктірген ерекше бағдарламалар әзірленген.

Алматы

  • «Алматы – Наурыз құшағында» гала-концерті (21 наурыз, 11:00, Астана алаңы) – «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, КешYou тобы және басқа да өнерпаздардың қатысуымен өтеді.
  • Juldyzdy Almaty (21-22 наурыз, 18:00, Астана алаңы) – танымал әншілер қатысатын кешкі музыкалық фестиваль.
  • Nauryz Fest фестивалі (21-25 наурыз, Абай алаңы) – VR-инсталляциялармен безендірілген интерактивті киіз үйлер, Абай Құнанбайұлына арналған көрме, қолөнер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары және кешкі концерттер.
  •  «Түркі әлемінің мега жұлдыздары» концерті (22 наурыз, 20:00, Almaty Arena) – Sadraddin, Mustafa Sandal, Roza Zergerli, Burak Özçivit қатысады.
  • 5000 адамнан құралған хор (22 наурыз, 9:30, Абай даңғылы) – Абай әндерін орындайды.
  • «Наурыз тойы – мерекем» кітап жәрмеңкесі (21-25 наурыз, Арбат) – жазушылармен кездесу, поэзиялық кештер.
  • Панфилов көшесіндегі креативті фестиваль (21-22 наурыз) – VR-экспириенстер, робот-даяшылар, арт-инсталляциялар.

Астана

  • Көшпенділер өркениеті фестивалі (21-22 наурыз) – этнографиялық реконструкциялар, көрмелер және аспаздық шеберлік сабақтары.
  • Ұлттық спорт жарыстары (21-23 наурыз) – қазақша күрес, асық ату, гір көтеру жарыстары.
  • Орталық алаңдардағы мерекелік концерттер (21-22 наурыз) – отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Түркістан

  • «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» туристік маусымының ашылуы (19 наурыз) – мерекелік шеру, концерттер, тарихи қойылымдар.
  • «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі (22 наурыз) – ұлттық ойындар, қолөнер шеберлік сабақтары, салт-дәстүрлер.
  • Бекзат Саттархановты еске түсіруге арналған XXIII халықаралық бокс турнирі (30 наурыз – 4 сәуір) – үздік боксшылар қатысатын беделді жарыс.

Шымкент

  • «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі (30 наурыз, Әл-Фараби алаңы) – палау, кәуап, самса, наурыз-көже әзірлеу байқауы, «Қазақстандағы ең үлкен самса» гастрорекорды.

Алматы облысы

  • Орталық алаң – 25 киіз үй, салт-дәстүрлер, эстрада жұлдыздарының концерті.
  • Қонаев көшесі – қолөнер жәрмеңкелері, аспаздық шеберлік сабақтары.
  • Қалалық саябақ – асық ату, қазақша күрес, фотозоналар.
  • Қыдыр ата мен 100 домбырашының театрландырылған шеруі (21 наурыз) – Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған ауқымды музыкалық қойылым.
Наурыз мерекесінде Қазақстанда қайда баруға болады?