Қазақ тілін үйренуге арналған 11 онлайн құрал

05 Тамыз, 2024

Құрметті отандастар!🙌

Бүгінде қазақ тілін үйден шықпай-ақ үйренуге болатын 11 платформаны назарларыңызға ұсынамыз! 🇰🇿📍

🔹@tilqural.kz порталы – қазақ тілін оқытуға арналған тегін веб-сервис.
🔹@tilmedia.kz сайты - қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйрену
🔹Balatili.kz сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін, үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата- аналарға арналады.
🔷@abai.institute – портал Қазақстан азаматтары, шетелдегі қандастар, өзге ұлт өкілдері, шетел азаматтары қолдануға арналған.
🔶@termincom.kz электрондық сайты - ғылым, білім, техника мен экономика, қоғамдық–әлеуметтік өмірдегі термин сөздердің бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасы.
🔶@emle.kz сайты қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды.
🔶@tilalemi.kz порталы тілдің әлеуметтік, қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін мейлінше толық қамтиды.
🔶Sozdikqor.kz порталы - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа.
🔶Kazneb.kz - Электронды кітапхананың мақсаты - электрондық құжаттардың ұлттық кітапхана қорын қалыптастыру, халықаралық ақпарат алмасу тиімділігін арттыру.
🔶Kaz-tili.kz «Казахский язык. Просто о сложном» порталын балаларға үй тапсырмасына көмектесу үшін қазақ тілін үйренген алматылық Татьяна Валяева жүргізеді. Бұл процесте ол тілдің грамматикасын жақсы есте сақтау үшін кестелер әзірледі. Бүгінде толыққанды қазақ тілін үйренуге арналған сайтқа айналды.
🔶 Bala.soyle.kz - Soyle.kz сайтының кішкентайларға арналған жобасы. Платформа мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықтарын ескере отырып жасалған және оқыту ойын түрінде өтеді. Мұнда балалар әліпбимен танысып, жаңа сөздерді, санауды үйренеді, мультфильмдер көреді, ән айтады, тақпақ жаттайды, бояу парақтарын бояйды.
🔶Morpho.kz -  Қазақ тілі – агглютинативті тіл. Яғни, мұнда сөздің түбіріне қосымшаларды қосу арқылы сөз формалары мен грамматикалық конструкциялары өзгереді. Morpho.kz қосымшаларды сөздерге дұрыс қосуға көмектеседі. Қазақ тіліндегі белгілі бір сөздің бейімділігін білу үшін оны сайттың іздеу жүйесіне енгізу жеткілікті.
🔶tattialma.kz - «Тәтті Алма» 4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған тапсырмалары, жаттығулары және ойын симуляторлары бар интерактивті ойын түріндегі сайт.
🔶resmihat.kz порталы құжаттар мен іскерлік хаттарды қазақ тілінде дұрыс дайындауға көмектеседі. Мұнда ресми құжаттарды әзірлеуге арналған дайын шаблондар мен типтік фразалар жинақталған. Cондай-ақ лексикологиялық және қазақшаорысша үйлесімділік сөздігі мен емле ережелерінің жиынтығы бар.

Қазақ тілін үйренуге арналған 11 онлайн құрал