"МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматы филиалы қабылдау емтиханын өткізеді

12 Тамыз, 2024

МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматы филиалы қабылдау емтихандарын өткізеді. Қазақстаннан шықпай-ақ сапалы білім алуға және бакалавриатта оқу үшін қазақстандық грант алуға мүмкіндік бар.

Қабылдау емтихандарының кестесі:
- Математика – 20 тамыз
- Физика – 22 тамыз

Емтихандар уақыты: 10:00-14:00. Өтетін орны: әл-Фараби даңғылы, 71/23, физика-техникалық факультетінің корпусы, 3 қабат, МИФИ ҰЯЗУ АФ блогы.

Дайындық бағыттары:
- Информатика және есептеу техникасы (Математика емтиханы)
- Ядролық физика және технологиялар (Физика және математика емтихандары)

Емтиханға тіркелу 19 тамызға дейін әл-Фараби даңғылы, 71/21 (СҚО «Керемет») мекенжайы бойынша өтеді. Мектептер мен колледждердің барлық түлектері қатыса алады.

Толық ақпарат алу үшін +7 701 228 00 82 (Алдиярова Әлия Несіпбекқызы) телефон нөміріне хабарласуға болады.

"МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматы филиалы қабылдау емтиханын өткізеді