Республикалық референдумға шетелдік журналистерді аккредиттеу туралы

25 Қыркүйек, 2024

Құрметті шетелдік БАҚ өкілдері!

2024 жылғы 6 қазанда өтетін Қазақстан Республикасындағы атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдумды жариялауға ниет білдірген шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредитацияның ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Қазақстан заңнамасына сәйкес шетелдік журналистер Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредитациясы болған жағдайда ғана елімізде кәсіби қызметін жүзеге асыра алатынын ескертеміз.

Шетелдік БАҚ өкілдерінің жеке басын растайтын құжатты ұсынған бар бір аудармашымен бірге жүруі мүмкін екеніне назар аударамыз.

Шетелдік журналистерді аккредиттеу туралы өтініштер 2024 жылғы 1 қазандағы Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ден кешіктірмей электрондық пошта арқылы (жасырын) «Референдум2024» тақырыбын көрсетіп, берілуі тиіс.

Аккредиттеу үшін қажетті құжаттар:

- бас редактордың журналистті аккредиттеу туралы өтініші;

- журналистің жарамды шетелдік төлқұжатының көшірмесі;

- толтырылған өтініш формасы және аккредиттеу формасы;

- журналистің электронды фотосуреті (3х4 см);

- журналистің қысқаша өмірбаяны;

- БАҚ туралы негізгі ақпарат.

Барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметіне тел. +7 (7172) 72-01-45.

 

gov.kz

Qazalem аудармасы

Республикалық референдумға шетелдік журналистерді аккредиттеу туралы