Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

11 Қазан, 2024

Қазан айының екінші жексенбісі елімізде Мүгедектігі бар адамдардың  күні болып белгіленген. Республикамызда ерекше қажеттіліктері бар                       732 мыңнан астам адам тұрады. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мен олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар 732,1 мың адамның 418,6 мыңы еңбекке қабілетті жастағы (57,2%), 201,1 мыңы зейнеткерлік жастағы (27,5%) азаматтар болса, 112,3 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (15,3%) болып табылады.

«Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы үшін жүйелі шаралар қабылдауда.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.

Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап МАБ әлеуметтік қолдау шаралары едәуір күшейтілді. Биыл біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы алғашқы баяндаманы қорғады.+Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдарының (бұдан әрі – ОТҚ) өндірушісі мен жеткізушісін және оңалту қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) іске қосылды.

Бүгінгі күні Порталда 895 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 792 ОТҚ жеткізуші, 30 мыңнан астам жеке көмекші, 756 ымдау тілі және 125 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Сонымен қатар Әлеуметтік кодекс шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы жөніндегі комиссияға өнім берушіні порталдан шығару және оларға сапасыз қызмет немесе тауар ұсынылған жағдайда жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау құқығы берілді.

Бұдан басқа жеткізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдату мақсатында Министрлік Портал қызметін жетілдіру бойынша келесі жұмыстарды жүргізді: өнім берушілер үшін тауарды курьерлік жеткізуге 3 жұмыс күні ішінде беруді жүзеге асыруға міндетті талапты енгізу; алушының тапсырысы бойынша жауап болмаған (немесе теріс жауап алған) жағдайда 5 жұмыс күні ішінде өнім берушінің Порталдағы рейтингін төмендету; егер ол кепілдік берілген сома шегінде болса, тауар бағасын көрсетуді болдырмау (асып кеткен жағдайда тек сома көрсетіледі); SMS-кодты жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушының санаторий-курорттық ұйымға келуін тіркеу жүйесін енгізу; техникалық оңалту құралдарының мәтіндік сипаттамаларын жасыру; техникалық оңалту құралдарының тізімін баға бойынша көрсету (бағаның өсуі бойынша).

Еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары, Алматы, Астана, Шымкент қалалары) 150 орындық жаңа ірі оңалту орталықтарының құрылысы басталды. Абай облысының Семей қаласында, сондай-ақ Жамбыл облысының Тараз қаласында оңалту орталықтары пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін Түркістан облысының Кентау қаласында  орталықтың құрылыс аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен еліміздің 8 өңірінде (Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, Алматы және Шымкент қалалары) аутизм спектрі бұзылған және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған күндізгі болу орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

gov.kz

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы