Илон Масктің анасы қазақстандық баланың тұсауын кесті

17 Қазан, 2024

KAZINFORM – Илон Масктің анасы Мэй Маск Алматыға келді. Ол сапары барысында қазақстандық баланың тұсауын кесті.

Мэй Масктың тұсау кескен сәтінің видеосын Алматы қаласының мәслихат депутаты Қарашаш Жүзеева Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Айта кетейік, Мэй Маск бүгін Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады. Мэй Маск алматылықтарға денсаулық, дұрыс тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу және өзіне деген сенімділік тақырыбында әңгіме өрбітеді.

Алматыда Орталық Азия елдірінің әйел-көшбасшылары бас қосты. Олар гендерлік теңдік, бейбітшілік, бизнес және бала тәрбиесі мәселелерін талқылап жатыр. 

 

Автор

Алма Мұқанова

Илон Масктің анасы қазақстандық баланың тұсауын кесті