ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы туралы

Бүгін, 09:12

Мәскеу, 2026 жылғы 10 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.

Қазақстан делегациясын сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева және Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов бастап барды.

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізіліп, ҰҚШҰ-ның ағымдағы жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Ұйымның
2027 жылға арналған жұмысының перспективалық бағыттары талқыланды. М.Тілеуберді қатысушыларды еліміздің ҰҚШҰ форматы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі тәсілдерінен хабардар етіп, Ұйымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Бірлескен отырысқа қатысушылар бірқатар саяси мәлімдемелерді және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы туралы келісім жобасын мақұлдады. Сондай-ақ 11 қарашада Мәскеу қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының күн тәртібі мен құжаттар жобаларын келісті.

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы туралы