Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Ұлттық шығыс тілдері мен өркениеттері институты (INALCO) вице-президенті Дельфин Аллеспен кездесті.
Сонымен бірге тараптар бағдарламаның тілдік және академиялық бағытына ерекше назар аударды. INALCO-да қазақ тарихы мен өркениетін зерттеудің көпжылдық дәстүрі қалыптасқан, ал бағдарлама аясында қазақ тілін оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін оқытушыға да қолдау көрсетілді.
Г.Арыстанқұлова Қазақстан мен Орталық Азияның саясаты мен тарихын танып-білу маңызды болғанымен, қазақстандық тарап үшін басты мақсаттардың бірі – қазақ тілінің INALCO-да академиялық тіл ретінде тұрақты әрі жүйелі оқытылуын дамыту және оны үйренуге көбірек студент тарту маңызды екенін атап өтті.
«Қазақстанды терең түсіну оның тілін білуден басталады. Сондықтан біз студенттердің елімізбен танысып қана қоймай, қазақ тілін жүйелі түрде үйреніп, оны академиялық және кәсіби қызметінде қолданғанын қалаймыз», – деп атап өтті Қазақстан Елшісі.
INALCO мен оның серіктестері бағдарламаны ұзақ мерзімді негізде жалғастыруға және Қазақстандағы академиялық әрі тілдік тағылымдамаларды дамытуға мүдделілік білдірді.
INALCO бағдарламасы Қазақстандағы академиялық және тілдік тағылымдаманы, сондай-ақ халықаралық қатынастар бойынша көктемгі мерзімге арналған оқу бағдарламасы. Бағдарламаға қатысуға 25 студент өтінім беріп, олардың 15-і іріктелді. Студенттер Қазақстан мен Қырғызстанда өңірдің геосаясатын, экономикасын, энергетикасын және қоғамдық үдерістерін зерттеп, сарапшылармен және дипломаттармен кездескен болатын.