Самарқандта шахмат Олимпиадасы ресми түрде ашылды

Бүгін, 12:53

Шахматтан Өзбекстанның Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.

Биылғы бәсекеде рекордтық 400 команда тіркелді. Оның ішінде Open (ашық) санатында 208 команда және әйелдер арасында 192 команда жүлдеге таласады.

Айта кетейік, 2024 жылы Мажарстанда өткен шахмат Олимпиадасында аруларымыз күміс жүлде иеленген еді. Осы жолы да қыздарымыз әлемдік рейтингте 4-орынмен осы жарысқа келіп жатыр.

Биыл әйелдер санатында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет, Зарина Нұрғалиева ел намысын қорғайды.

Ал ерлер сайысында Денис Махнёв, Алдияр Аңсат, Жандос Ағманов, Даниял Сапенов, Сауат Нұрғалиев қатысады.

📍 Самарқанд (Өзбекстан)
🗓️ 16–27 қыркүйек, 2026

Самарқандта шахмат Олимпиадасы ресми түрде ашылды