Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтайдың екінші күні жалғасуда. Форум аясында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері Қазақстан дамуының негізгі бағыттарын талқылауда, деп хабарлайды «Kazinform» агенттігінің тілшісі.
Екі күндік алқалы жиынның алғашқы күні төрт панельдік секция отырысы форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар әлеуметтік-мәдени дамудан бастап, ғылым мен білім беру саласына дейінгі ауқымды мәселелерді қарастырды.
Бүгін Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. Мемлекет басшысы елімізді одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындап береді.