Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйлады

11 Желтоқсан 2025

Бейжіңде тұратын қазақ жазушысы Акбар Мәжит әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янның отбасына арнайы амандаса барып, оған қытай тілінде жарық көрген Абай туралы кітап пен Қазақстан музыкасы туралы антологияны сыйға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Акбар Мәжит – ұлтымыз үшін көрнекті тұлға. Қытай тілінде қалам тербейтін бірден-бір қазақ қаламгері. Қытай астанасындағы «Қытай жазушылары» баспа тобы директорының орынбасары, «Қытай жазушылары» әдеби журналының бас редакторы болып қызмет атқарған.

Қаламгердің «Қайран он бестегі Қалида-ай», «Ақсақ құлан», «Мұхаммет пайғамбар», «Мұқали» сияқты шығармалары жарық көрген. Абайдың қара сөздерін қытай тіліне аударған. ҚХР Халықтың саяси кеңесінің мүшесі, үш мәрте ҚХР Мемлекеттік сыйлығының, II дәрежелі «Достық» орденінің иегері.

Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйлады