Таеквондодан әлем чемпионатының екінші қоласы қоржында

28 Қазан 2025

Бүгін Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті.

Бұл жүлдені 49 келіде ел намысын қорғаған Айдана Құмартаева еншіледі. Отандасымыз жартылай финалда Түркия спортшысына есе жіберді.

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Нодира Ахмедова тағы бір қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Дүбірлі дода 30 қазанда мәресіне жетеді.

Таеквондодан әлем чемпионатының екінші қоласы қоржында