Тайландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады

09 Қазан 2025

2025 жылғы 7 қазанда Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Thai Air Asia X компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе ханыммен кездесті.

Паттра Бусаравонгсе әуе компаниясының 2025 жылдың 1 желтоқсанында аптасына төрт рейспен Airbus A330 ұшағын пайдалана отырып, Алматы мен Бангкок арасындағы әуе қатынасын ашу жоспарын жариялады.

Сонымен қатар, Thai Air Asia X Алматыдан Еуропаның Берлин (Германия) және Манчестер (Ұлыбритания) қалаларына Қазақстанның «ашық аспан» режимінде  «әуе еркіндігінің» 5-ші дәрежесімен рейстерді орындауға қызығушылық танытты.

ҚР Көлік министрлігі қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтып, елдер арасындағы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін әуе рейстерін ашудың маңыздылығын атап өтті.

Тайландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады