Астана қаласының мектеп командалары FIDA Drone Soccer World Cup 2025 әлем чемпионатына Қазақстан атынан алғаш рет қатысады. Чемпионат дрон-спорт астанасы саналатын Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында 2025 жылы қыркүйек айының соңында өтеді.
Сапарды Kazakhstan Drone Soccer Association ұйымы ЦДИАӨМ қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» МКҚК-мен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Болашақ аренасы
Жарыс 25–28 қыркүйек аралығында Чонджу қаласындағы екі алаңда (Jeonju International Drone Sports Center және Jeonju World Cup Stadium) өтеді.
Арена ішіндегі көрініс ғылыми фантастикадағы футуристік спортты еске түсіреді: тормен жабдықталған алаң, әуен, жарқыраған прожекторлар, комета секілді жарқырап ұшып жүрген ондаған футбол дрондары. Трибуналарда - мектеп оқушылары, инженерлер және технология жанкүйерлері. Атмосфера классикалық спорт емес, киберспортқа немесе K-pop концертіне көбірек ұқсайды.
Дрон-футбол дегеніміз не
Бұл - халықаралық спорт түрі. 5 адамнан тұратын 2 команда матчты тормен жабылған стадионда ойнайды. Әр команданың міндеті қарсыластың қақпасына (ауада ілулі тұрған сақина) мүмкіндігінше көп гол соғу. Ойынға арналған дрондар соқтығысудан қорғау үшін арнайы экзоскелетпен жабдықталған.
Матч 3 раундтан тұрады. Дрондар соқтығысады, күрт манёвр жасайды, қорғанады және шабуылдайды. Трибуналарда жанкүйерлердің дауысы естіледі, ал атмосфера киберспортты, баскетбол немесе футуристік шоуды еске түсіреді.
Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмайды: дрон тек арена ішінде ұшады, төрешілердің қадағалауымен және ережелерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Қазақстанды кімдер таныстырады
Әлем чемпионатына елордадан үш команда қатысады:
№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
№8 мектеп-лицейі
Skillset жеке меншік мектебі
Неліктен маңызды
Оңтүстік Кореяда дрон-футбол небәрі бірнеше жылдың ішінде мектептік бастамадан ауқымды қозғалысқа айналды: бүгінде мұнда 1000-нан астам мектеп және университет командалары ойнайды, ал FIDA Федерациясы 35-тен астам елді біріктіреді. Чонджудағы әлем чемпионатына ондаған ұлттық құрама мен жүздеген спортшы қатысады деп күтіліп отыр.
Қазақстан үшін бұл — дебют әрі символдық қадам: алғаш рет астаналық мектеп командалары АҚШ, Франция, Қытай және Корея Республикасының спортшыларымен қатар алаңға шығады.
Технология және білім беру. Оқушылар дрондарды басқаруды ғана емес, электроникамен жұмыс істеуді, бағдарламалауды, тактикалық ойлауды және біртұтас команда болып әрекет етуді үйренеді.
Елорда имиджі. Астана технологиялық спорт картасына шығып, халықаралық жаңа форматтағы жарыстарға қатысатын алаң ретінде өз орнын айқындап отыр.
«Балалар үшін бұл жай ғана турнир емес, болашаққа берілетін билет. Бүгін олар дрондарды басқарып, жұмыс принциптерін үйренуде. Ертең ұшқышсыз аппараттарды жобалайтын болады. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі авиацияны түбегейлі өзгертуі мүмкін. Президент атап өткендей, ұшқышсыз технологиялар — стратегиялық басымдық. Ол халықаралық жарыстарға қатысатын осындай мектеп командаларынан басталатынын көрсетіп отырмыз», — деді Kazakhstan Drone Soccer Association ұйымының жетекшісі Дмитрий Иванов.
Елге оралған соң
Күзде командалар Астанада өтетін Digital Bridge 2025 көрмесінің құрметті қонағы болады: халықаралық қонақтарға шеберлік сабақтарын өткізіп, дрон-футболдан көрсетілімдік матчтарға қатысады.
Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, бұл жарыс 2025–2026 маусымын ашып, тұрақты мектептердегі жаттығулар мен қалалық лигалардың бастамасы болады.
БАҚ үшін сілтеме:
Осы сілтеме арқылы Digital Almaty 2025 көрмесінде өткен жарыстардың бейнематериалын көруге болады: https://youtu.be/SjgOeHd1Unw?si=sm8vabhJoWTTgRNj
БАҚ үшін байланыс:
Kazakhstan Drone Soccer Association
www.instagram.com/dronesoccer.kz
+7 701 012 4199