Мемлекет басшысы теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші конференциясы делегацияларының басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс орталығына келді, деп Kazinform хабарлайды .
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халқ Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедов қарсы алды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып, оң динамика көрсетіп отырғанын атап өткен болатын.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 5-8 тамыз аралығында Түрікменстанның Аваза қаласында теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші конференциясы (LLDC3) өтеді.