KazChess – блиц бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Кеше

11–15 маусым аралығында Лондонда рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 52 командасы қатысқан бұл дүбірлі додада Қазақстанның KazChess командасы блиц жарысында күміс медальға ие болды, деп хабарлдайды forbes.kz.

Блиц турнирі (формат 3+2) екі кезеңнен тұрды – топтық айналым және плей-офф. D тобында KazChess сенімді ойын көрсетіп, тек Team MGD1 командасына ғана есе жіберіп, келесі кезеңге өтті. Финалдық матчтардың қорытындысы бойынша қазақстандықтар турнир фавориті WR Chess Team ұжымына жол беріп, әлемнің вице-чемпионы атанды.

Тағы бір қазақстандық команда — Rookies — юниорлар құрамасының бас жаттықтырушысы Евгений Владимировтың жетекшілігімен өнер көрсетіп, рейтингте өздерінен жоғары тұрған қарсыластарын басып озып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

KazChess – блиц бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері