Қазақстандық делегация БҰҰ-ның Мұхит бойынша 3-ші конференциясына қатысады

10 Маусым 2025

Ницца қаласында (Франция) БҰҰ-ның Мұхит жөніндегі конференциясының жұмысы басталды, оған Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев бастаған қазақстандық делегация қатысады. 

Делегация құрамына Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің, Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының өкілдері де кірді. 

Конференцияның негізгі тақырыбы – «Мұхитты сақтау және тұрақты пайдалану үшін барлық қатысушылардың әрекеттерін жеделдету және жұмылдыру». Конференцияның мақсаты тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздер мен теңіз ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі әрі қарайғы және шұғыл іс-қимылдарды қолдау және ТДМ 14 іске асыруды қолдаудың әрі қарайғы жолдары мен құралдарын айқындау болып табылады.

Конференция мүдделі тараптарды, соның ішінде үкіметтерді, БҰҰ жүйесін, үкіметаралық ұйымдарды, халықаралық қаржы институттарын және басқа да мүдделі халықаралық органдарды, азаматтық қоғам ұйымдарын, академиялық мекемелерді, ғылыми қауымдастықтарды, жеке секторды, қайырымдылық ұйымдарын, жергілікті қауымдастықтарды және т. б. біріктіреді.

Конференция барысында SDG14-ті қолдау, балық шаруашылығын тұрақты басқаруға жәрдемдесу, мұхит, климат және биоәртүрлілік қатынастарын пайдалану, ғылыми ынтымақтастықты, білімді, әлеуетті, теңіз технологиялары мен білімін нығайту, мұхиттар мен олардың ресурстарын қорғау мен тұрақты пайдалануды жақсарту үшін мұхит іс-әрекеттерін қаржыландыруды жұмылдыруға арналған тақырыптар бойынша бірнеше панельдік сессиялар өткізу жоспарлануда.

БҰҰ-ның Ұлттық юрисдикциядан тыс жерлерде теңіз биоалуантүрлілігін сақтау және тұрақты пайдалану туралы Келісімін ратификациялау мәселесіне ерекше назар аударылатын болады. Қазақстан осы құжатқа қосылу мүмкіндігін зерттеп жатыр.

Іс-шара аясында Монако князі Альберт ІІ (Альберт Александр Луи Пьер Грималди), Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейенмен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі А.Абдухакимовпен кездесулер өтті. 

Кездесулер барысында Орталық Азия өңіріндегі экология саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, сондай-ақ Министр 2026 жылы Астана қаласында өтетін өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырды.

Конференция қорытындысы бойынша «Біздің Мұхит, біздің болашағымыз: іс-әрекетті жеделдету» Декларациясы қабылданады.

Конференция 2025 жылдың 9-13 маусымы аралығында Франция мен Коста-Риканың бірлескен ұйымдастыруымен өтуде.

Қазақстандық делегация БҰҰ-ның Мұхит бойынша 3-ші конференциясына қатысады