Қазақстандық ЖОО филиалдары Қырғызстанда ашылады

01 Ақпан 2024

Қырғызстанда қазақ­стан­дық техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлануда. Бұл ту­ра­лы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер м­и­нистрі Мұ­рат Нұртілеу Бішкекте өт­кен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қырғыз әріптесімен келіс­сөз­дер қорытындысы бойынша Мұрат Нұр­тілеу мәдени-гумани­тар­лық са­ладағы ынтымақтас­тықты кеңей­ту туралы айтып берді.

«Біз білім беру саласында өза­ра іс-қимылды белсенді түрде арт­тырып жатырмыз. Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­сите­ті мен Л.Гумилев атындағы Еу­ра­зия ұлттық университеті Біш­кек пен Ош қалаларында өз фи­лиал­дарын ашты. Менің ойымша, бұл тәжірибе одан әрі жалғасады. Бүгін біз Қырғызстанда техника­лық жоғаын ашу мә­селесін талқыладық. Атырау мұ­най және газ институты өз фи­лиалын ашуды жоспарлап отыр. Сон­д­ай-ақ KAZ Minerals Bozymchak өндірістік кәсіпорны жа­нын­да кәсіптік-техникалық учи­лище ашылады», – деді Мұрат Нұртілеу.

Министр қырғыз тарапынан сұ­раныс болған жағдайда Қа­зақ­стан Қырғызстан студенттері үшін ҚР жоғары оқу орындарына грант­тар мен квоталарды ұлғай­туға дайын екенін жеткізді.

Дереккөз: aikyn.kz

Қазақстандық ЖОО филиалдары Қырғызстанда ашылады