Qazalem веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған азаматтарымызға жедел көмек беру үшін SOS түймесі іске қосылды

03 Қаңтар 2024

Құрметті отандастар! 🇰🇿
Qazalem веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған азаматтарымызға жедел көмек беру үшін SOS түймесі іске қосылды.

Сайттың жоғары жағында орналасқан SOS түймесін бассаңыз, сізге көмек беті ашылады.

  •  – Өзіңіз тұрған елдегі Қазақстан консулдығын таңдаңыз;
  • – Еліңізді және мекен-жайыңызды енгізіңіз;
  • – Кері байланыс үшін телефон нөміріңізді немесе электронды поштаңызды қалдырыңыз;
  • – Басыңызға түскен жағдайды қысқаша сипаттап жазыңыз. Жіберу батырмасын басыңыз; 

Ең қысқа мерзімде консулдық мамандарының сізбен жедел байланысқа шығуын күтіңіз!

Qazalem веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған азаматтарымызға жедел көмек беру үшін SOS түймесі іске қосылды