Абзал Сапарбекұлы Диаспора істері жөніндегі министрлер мен мекеме басшыларының V кездесуі аясында Әзербайжан, Венгрия және Қырғызстан елдеріндегі әріптестермен кездесті
- 22 қарашада Бішкек қаласында Түркі мемлекеттер ұйымына мүше елдердің Диаспора істері жөніндегі министрлер мен мекеме басшыларының V кездесуі аясында «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы Әзербайжан, Венгрия және Қырғызстан елдеріндегі әріптестермен кездесті.
-
- Әзербайжанның Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Фуад Мурадаовпен кездесу барысында әріптес екі ел ұйымдарының алдағы уақытта бірлескен жобалар ұйымдастыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу, екі жақты байланыстарды нығайту т.б. мәселелері сөз болды. Атап айтқанда, тараптар алдағы уақытта екі елдің бұрынғы отандастарының кездесуін Әзербайжанда өткізу туралы уағдаласты.
-
- Венгрия Премьер-министрі жанындағы шетелдегі Венгрия қауымдастығы Мемлекеттік хатшысы Арпад Потапимен кездесуде тараптар екі ел ұйымдарының белсенділігі мен ынтымақтастығын нығайту туралы келісті. Алдағы уақытта Венгрия тарапы Европа қазақтарының құрылтайын ұйымдастыру жұмысына қолдау көрсететінін білдірді.
-
- Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігінің басшысы Гүлнара Батыровамен кездесуде екі елдің көші-қонға байланысты іс-тәжірибелерімен бөлісу, шетелдегі қандастарымызды құқықтық жағынан қорғауда тараптардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды. А.Сапарбекұлы қырғыз тарапына Диаспора басшыларының кездесуін жоғары деңгейде өткізгенімен құттықтап, алғысын білдірді.