"Отандастар қорының" қызметкерлері елордамыздағы Герцен көшесі 18 үйде жалғыз өзі тұратын зейнеткер Корейба Галина Андреевнаның ауласын басып қалған қарды тазалауға көмектесті.
Әр мекеме осындай көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созғаны абзал екен.Көмек көрсеткендер де риза,ауласы қардан тазаланған зейнеткер де ырза.
Айта кетейік, қысы қытымыр елордада биыл қар көп жауғандықтан, қолға күрек алып, оны тазалауға ат салысу – #БізБіргеміз акцияның басты міндеті.