Бұл туралы «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кездесуінде айтылды.
Кездесу барысында Қоғам басшысы министрді Отандастар қорының жұмысымен таныстырып, келешекте қандас талапкерлердің мүмкіндігін кеңейту үшін бірқатар ортақ жобалар ұсынды. Сонымен қатар, қазақтар көп шоғырланған мемлекеттердегі мысалы, Өзбекстан, Моңғолиядағы қазақ мектептерінің қазіргі жағдайы айтылды. Шетелдегі қазақ мектептеріне қолдау көрсету, шетелдегі қазақ тілді мұғалімдерге біліктілік курстарын өткізу, шетелдегі мектеп кітаптарының мазмұнын жаңарту сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Өз кезегінде министр Ғани Бисембаев: «Қазақстандағы колледждер тегін білім беретін болады. Осы бағытты қандастар үшін күшейтеміз»,- дей келе «Отандастар қорының» жыл сайын өткізіп жатқан жазғы лагерінің жұмысын қолдап, шетелдегі қазақ жастарына арналған «Алтын бесік» жобасын жүзеге асыру мақсатында мың педагогтар отбасын белгілеуге болатынын айтты. Сонымен қатар, министрлік тарапынан «Онлайн мектеп» ашу жұмысы жүргізіліп, келген қандас балаларға бейімделу орталақтарын ашу мәселесі қарастырылуда екенін жеткізді.
Жалпы Оқу-ағарту министрлігінің жобаларына қандастарды көбірек қатыстыру мәселесі де сөз етілді.