АҚШ-та онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды

11 Қараша, 2020

АҚШ-тың Хьюстон қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды.

"Жоба "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Онлайн сынып ашу үшін арнайы құрылғылар топтамасы "Шаңырақ" қоғамдық ұйымына табысталды. Қазақ сыныбы 9301 W Belfort avenue, Houston TX мекен-жайында орналасқан," деп жазады "Шаңырақ" қоғамдық ұйымының төрағасы Қуатбек Махум Facebook парақшасында.

Бүгінде қазақ тілі курсының ІІ семестрі өтуде. Сабақтарға қатысу үшін "OQ-BILIM" телеграм каналына жазылу қажет. Сабақ Microsoft Teams платформасы арқылы өтеді. Сондай-ақ, YouTube платформасындағы "Otandastar Channel" каналына жазылып, І семестрдегі сабақтарды көре алады.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.

АҚШ-та онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды