2020 жылғы 3 қараша күні «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен «Мөлдір» Сібір қазақ мәдени орталығы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы онлайн қазақ сыныбының ашылу салтанатын өткізді
Оған «Отандастар қоры» КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат, Шетелдегі қандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шарипов, «Мөлдір» қоғамдық ұйымының төрайымы Алтынай Жунусова және Омбы қаласындағы қандастар қатысты. Онлайн сынып Спартаковская көшесі, 3 мекен-жайы бойынша орналасқан. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ сыныбы» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен жүзеге асырылуда.
Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.