ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен "Отандастар қоры" КЕАҚ Германияның Берлин қаласында онлайн қазақ тілі сыныбын салтанатты түрде ашты.
Онлайн форматта өткен іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті Қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, ҚР Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, "Отандастар қоры" КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Жобалар координаторы Дидар Болат, "Германия-Қазақстан" қоғамының директоры Галина Нұртазинова, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен Германиядағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.
Іс-шара Германиядағы “Абай” мәдени-іскерлік үйінің ашылуымен қатар өтті.
Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.