Киевте қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

21 Қазан, 2020

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі және "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен Киев қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз.

Сыныпты ашуға қажетті техникалық құрылғылар Киевтегі "Достық" қазақ ұйымына жіберілді.

Сонымен қатар "Отандастар қоры" "Қазақ тілі" курсының ІІ семестрі басталғаны туралы хабарлаймыз. Кез келген адам үйде отырып та қазақ тілін онлайн тегін үйрене алады. Ол үшін "OQ-BILIM" Telegram арнасына жазылып, арнайы сілтеме арқылы сабақтарға қосылу қажет. Сабақтар тікелей эфирде Microsoft Teams платформасын арқылы өтеді.  

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.

Киевте қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды