Парижде онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды

22 Қазан, 2020

"Отандастар Қоры" КЕАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен Париж қаласында онлайн қазақ тілі сыныбын ашты. Сыныпты ашуға қажетті техникалық құрылғылар Париждегі "Қорқыт" қазақ ұйымына тапсырылды

Карантиндік шектеулерге байланысты орталықта жиналуға шектеу қойылған. Алайда, Франциядағы қандастарымыз “Отандастар қоры” КеАҚ ұйымдастырған қазақ тілі курстарына онлайн қатыса алады.

Курсқа қатысу үшін:
1. “OQ-BILIM” Телеграм каналына (https://t.me/otandastar_qory) жазылу керек. Себебі онлайн сабақтарлың сілтемесі дәл осы каналға салынады.
2. Сабақ кестеге сәйкес аптасына 3 күн, күніне 4 мәрте сабақтарға қатысу мүмкіндігі бар.
3. 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап, курстың ІІ семестрі басталды. І семестрдегі сабақтар “Otandastar Channel” YouTube каналына жүктелген.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.

Парижде онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды