Орынборда қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

15 Қаңтар, 2020

Орынборда қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды.

Жобаның жүзеге асуына “Отандастар қоры” КеАҚ мұрындық болып отыр. Орынбор қаласындағы “Бәйтерек” қайырымдылық қорына арнайы интерактивті құрылғылар топтамасы табысталды. Бүгінде сынып қордың орталығында орналасқан.

Қазақ тілі сабақтары “Отандастар қоры” мен “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының бірлескен әдістемесі арқылы жүргізілетін болады. Кез келген қатысушы онлайн сабақтарға аптасына 3 рет, күніне 4 мәрте, яғни өзіңе ыңғайлы уақытта қосыла алады.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды. 

Орынборда қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды