Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі және «Отандастар қоры» КЕАҚ қолдауымен Лондон қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды.
Сонымен қатар «Отандастар қоры» «Қазақ тілі» курсының II семестрі басталғанын хабарлайды.
«Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен онлайн режимде өтіп жатқан «Қазақ тілі» курсының арқасында әлемнің 12 елінде тұратын мыңға жуық қандасымыз ана тілін үйреніп жатыр.
Онлайн курстың арнайы лекцияларын «Отандастар қорының» YouTube каналынан көруге болады.
Практикалық сабақтар тікелей эфирде жүреді.
Бұл туралы "TÚRKISTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.