Ресейдің Омбы қаласында онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады.
Бұл жобаға “Отандастар қоры” КеАҚ мұрындық болды. Омбы қаласындағы “Омбы қазақтары” қоғамдық ұйымына арнайы интерактивті құралдар топтамасы жіберілді. Бүгінде онлайн сынып ұйымның орталығында орналасқан. Алдағы уақытта №100 орта мектепте екінші онлайн сыныпты ашу жоспарлануда.
Қазақ тілі сабақтары аптасына 3 рет, күніне 4 мәрте онлайн форматта өтеді. Өткен сабақтар “Otandastar Channel” YouTube каналында жүктеледі.
Естеріңізге сала кетейік, “Отандастар қоры” КеАҚ жыл соңына дейін 12 елде 31 онлайн сынып ашуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" РГ ақпараттық порталында да жарияланды.