Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйыммен (ТҮРІКСОЙ) екіжақты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды

28 Маусым, 2022

ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымы Отандастар қорымен ынтымақтастыққа дайын

2022 жылғы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар қоры» КеАҚ және Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйыммен (ТҮРІКСОЙ) екіжақты өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды. Аталған Меморандумда қазақ диаспорасымен байланысты мәдени іс-шаралар, жобалар мен бағдарламалар жасауға, өнер фестивальдарын, көрмелер, ұлттық мейрамдарды бірлесе ұйымдастыру жөнінде келісімдер бар. Меморандумға Қор басшысы Абзал Сапарбекұлы және ТҮРІКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қол қойды.

Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйыммен (ТҮРІКСОЙ) екіжақты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды