Еуразиядағы көші-қонға қатысты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

27 Қазан, 2023

26-27 қазан күндері Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен "Қауіпсіздік және тұрақты даму контекстіндегі Еуразиядағы көші-қон: ынтымақтастықтың негізгі тенденциялары, қиындықтары мен перспективалары" Халықыралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция аясында "Отандастар қоры" КЕАҚ басқарушы директоры Жәлиев Нұрхан "Этникалық қазақтарды мәдени-гуманитарлық қолдау мен репатриация процестерінің өзара байланысы" тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада Қазақстан Республикасының шетелдегі этникалық қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтауда мәдени-гуманитарлық қолдау, Қазақстанға деген қызығушылықты арттыру мақсатында елдің жаңалықтары мен жетістіктері туралы шетелдік отандастарды ақпараттық қамтамасыз ету және елге келген қандастарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мәселелеріне назар аударылды.

Конференцияға ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Орта Азия мемлекеттерінің бас консулдықтарының қызметкерлері, БҰҰ Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің, БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері және Бразилия, Индия, Иран, Түркия, Жапония, Португалия, АҚШ, Франция, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекттерінен сарапшылар қатысты.

Конференция аясында көші-қонның әртүрлі аспектілеріне, сондай-ақ Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың өңірлік аспектілеріне арналған ашық дәрістер, сараптамалық сұхбаттар мен кездесулер өткізілді.

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

Еуразиядағы көші-қонға қатысты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті