Семейдегі қандастармен кездесу

29 Қаңтар, 2020

Іс-шараға Семей қаласының ақпарат және қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бөлімі, ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет, архивтер және құжаттама, дене тәрбиесі және спорт, сауда және туризм, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, жер қатынастар, ХҚКО, Көші-қон полиция қызметі бөлімінің басшылары және жауапты адамдары қатысты.

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» мен «Отандастар қорының»​ мақсаты – шетелде тұратын қандастарымызға мәдени рухани қолдау көрсету, жастарын еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту, мектепте оқитын балаларының жазғы демалысын елде ұйымдастыру,​ көшіп келген қандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету», - деді ​Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заутұлы.​

Қор өкілдері Семей қаласындағы Шәкерім атындағы Мемлекет университетінде орналасқан фронт офисті көріп, сонда ашылған Халықаралық қазақ тілін үйрету оқу орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар​ Семей қаласындағы ХҚКО-ға барып, қандастармен кездесті.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Біз барлық қандастарға көрсететін мемлекеттік қызметтерді бір жүйеге келтіру мақсатында​ жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда байланыс қызметі бойынша 1404 телефонға қонырау шалу тегін. WhatsApp, Telegram сияқты әлеуметтік желілер арқылы хабарласу мүмкіндігі тағы бар. Біз 205 әкімдіктің (аудандық деңгейдегі және қала) атына Байланыс-орталығының қызметі туралы хат жолдадық. Әлемнің 67 еліндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметтеріне тиісті ақпарат жіберілді», - деді «Отандастар қорының» ​ бірінші дәрежелі үйлестірушісі Дамир Нурсулан

«Ақпараттық қолдау орталығы қандастар (оралмандар) мәселелерімен​ айналысып,​ оларды жаңа ортаға бейімдеу, бірлесе қоғамдық қабылдау жүргізу тәрізді жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Ақмола, Павлодар, Қарағандыдағы облыстық Фронт-офистері қатарына биылдан бастап Түркістан, Шымкент, Ақтау, Өскемен, Семей, Қостанай, Тараз, Талдықорған және Петропавлда ашылған орталықтар да қосылды», - дейді Семей қаласындағы Қауымдастық, «Отандастар қоры» фронт офис сарапшысы Айнур Табилтайқызы.

Кездесуге қатысқан мемлекетік мекемелердің басшылары жауапты адамдары бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін тілге тиек етті. Фронт офистердің қызметімен танысу және насихаттау жұмысы Өскемен қаласында да өтті.Мұндай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылады.

Семейдегі қандастармен кездесу