1404 нөміріне хабарласып, көшіп келу шығындарын өтеу, үй жалдауға субсидия алу және зейнетақыға қатысты кеңестер алуыңызға болады.
⠀
Қандастарымызға да жұмыс өтіліне қарай зейнетақы төленеді, сондай-ақ, өңірлік квотаға енгізілген ағайындарымызға көшіп келу жол шығындары өтеледі және үй жалдауға субсидия беріледі. Толық ақпарат төмендегідей:
⠀
Ескерту: 2019 жылға 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2651 теңгеге тең. (Ол жыл сайын өзгеріп отырады).
⠀
1. Жол шығындарын өтеуге, 1 реткі жәрдемақы барлығына бірдей беріледі. Әр адамға 35 АЕК х 2651теңге = 92 785 теңге. Мысалы: Отбасыда 3 адам болса: 3 х 92 785 тенге = 278 355 теңге. Отбасы мүшелерінің санына қарай көбейте бересіз.
⠀
2. Көшіп келгендерге 1 жылға үй жалдап тұру қаражаты беріледі. Есептеп көрейік:
- Егерде отбасы аудан, ауылда тұрса - бір адам үшін 15 АЕК х 2651 = 39 765 теңге, яғни 12 ай х 39 765 = 477 180 теңге.
2 және 4 адам болса, үй жалдауға 18 АЕК х 2651= 47 718 теңге төлейді, яғни 12 ай х 47 718 теңге = 572 616 теңге болады.
Отбасыда 5 адамнан көп болса, онда үй жалдауға 21 АЕК төленеді, 21 АЕК х 2651 теңге = 55 671 теңге, яғни 12 ай х 55 671 теңге = 668 052 теңге.
- Отбасы қалада тұрса:
Бір адам үшін 20 АЕК х 2651 теңге = 53 020 теңге, яғни 12 ай х 53 020 теңге = 636 240 теңге төленеді.
2 және 4 адам болса, 25 АЕК х 2651 теңге = 66 275 теңге, яғни 12 ай х 66 275 теңге = 795 300 теңге.
Отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болса, 30 АЕК х 2651 теңге = 79 530 теңге, яғни 12 ай х 79530 теңге = 954 360 теңге.
Ескерту: Егер де тура үй сатып алатын болса, үй жалдауға берілетін ақшаны бірден толық алуға болады. Ол үшін сатып алынатын үй иесімен келісім шарт жасау керек.
⠀
Зейнетақы мен жәрдемақы туралы:
1. Зейнетақының төменгі мөлшері (жұмыс өтілі толық болмаса) мысалы, әйелдердің жұмыс өтілі 20 жыл, еркектердікі 25 жылға жетпесе зейнетақысы 31415 теңге болады. Оған базалық зейнетақы 16037 теңге қосылып Қазақстанда 47 452 теңге болады.
2. Зейнетке шыққанда әйелдердің 20 жыл, еркектердің 25 жыл жұмыс өтілі толық болса (Қазақстанда жұмыс өтілі, зейнетақы қорына ақша аудармаған жағдайда) зейнетақысы 38363 теңге болады. Оған базалық зейнетақы 16037 теңге қосылады. Қазақстанда 54 400 теңге зейнетақы алатын болады.
Осы және басқа да сауалдар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:
1404 - мобильді және қалалық телефоннан;
8 800 080 14 04 (әмбебап);
8 7172 98 14 04 (шетедден қоңырау қабылдау үшін);
8 701 000 14 04.