2023 жылғы 29-31 тамыз аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы BAQSY емдеу-сауықтыру кешенінде «Қоғамдық келісім» ММ ұйымдастырумен «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар бірлестіктерінің өкілдері және Ресей, Өзбекстан, Моңғолия және Қырғызстан сынды елдерден шетелдегі кандастар қатысты.
Лагерь бағдарламасы жастардың әлеуетін дамытуға бағытталып, оның аясында пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері, мотивациялық кездесулер, спорттық және мәдени–бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, жоба барысында қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды имидждік ілгерілету, әлеуметтік желілердегі жастар», «Жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылда өңірлік жұмысты дамыту», «Қазақстанның мәдени брендін ілгерілету» тақырыптарында отырыстар өтті.