ӨЗБЕКСТАННЫҢ СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ,ГҮЛСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨЗБЕКСТАН, ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-МӘДЕНИ ФОРУМЫ ӨТТІ

29 Тамыз, 2023

Осы жылдың 26-27  тамыз күндері Сырдария облысы, Гүлстан қаласында  "ӨЗБЕКСТАН, ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ-МӘДЕНИ ФОРУМЫ" болып өтті. Форумға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі және Қазақстан Республикасының Түркістан облысынан, Тәжікстаннан  қонақтар келді. 

Гүлстанда болып өткен Өзбекстан тәуелсіздігінің 32 жылдығына және Сырдария облысының 60 жылдығына арналған концертте Түркістан облысынан келген "Шамші Қалдаяқов" атындағы  филармония ансамблі қазақ халқының ән-күйлері мен билерін  жиналған көпшілік қауымға тарту етті. Мереке өте қызықты болып, көтеріңкі рухта болып өтті.

   Өзбекстан-Қазақстан елінің достық қарым-қатнастары нығая берсін!

ӨЗБЕКСТАННЫҢ СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ,ГҮЛСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨЗБЕКСТАН, ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-МӘДЕНИ ФОРУМЫ ӨТТІ