Бүгін "Отaндaстaр қоры" КеАҚ басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ Саха Республикасы Халықтар Ассамблеясы жанындағы "Шаңырақ" қазақ қауымының төраға орынбасары Алия Петровамен кездесті.
"Шаңырақ" ұйымы Саха Республикасындағы Ассамблея жанынан құрылған және 20 жылдан астам уақыт жемісті жұмыс атқарып келеді. Бүгінге дейін, Якутияның Нерюнгри ауданындағы жергілікті қазақтар арасында түрлі мәдени шаралар, атап айтсақ, Наурыз, ұлттық фестиваль, айтыс, бұғымен бәйге т.б ұйымдастырып жүр.
Қоғам басшысы Алия ханымға "Әр қазаққа - бір кітап" акциясы аясында кітаптар тарту етті. Алия Петрова да өз қолтаңбасымен естелікке Нерюнгридегі кандастар атынан “Достық шоқжұлдыздары” атты кітапты табыстады. Айта кетерлігі РФ Саха Республикасында 2 мыңнан астам отaндaстaрымыз тұрады.